Ел президентінің бұйрығымен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жұмыстарының жоспары бекітілді

Мәселен, бұйрыққа сәйкес мемлекет басшысының 1-қыркүйекте үшінші шақырылған республика парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде айтылған шараларды жүзеге асыру жоспары бекітілді.

Сонымен бірге президенттің бұйрығымен орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының, президентке тікелей бағынатын және оған есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына шаралар жоспарын бұлжытпай әрі дер кезінде орындауды қамтамасыз ету тапсырылған.

Бұл бұйрықтың орындалуын қадағалау президент әкімшілігіне жүктелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті