Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Bugin.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
- «Үтік — билікке наразылық символы. Қаңтар оқиғасынан соң ұсталғандарды тергеу кезінде арқасын күйдіріп азаптады. Бала деп те аяған жоқ. 15-16 жастағы оқушы-студенттерге үтік басты. Бүгін желіде киімінің артын үтікпен күйдірген бірнеше адамды көрдім. Осылайша азапталғандарға қолдау ретінде үнсіз қарсылық басталыпты. #АзаптауғаҚарсымын деген хэштегпен тарап жатыр» - деп жазды журналист.
Сондай-ақ, журналист Белла Орынбетова да азаптауға қарсылығын білдірді.
- «Жылдар бойы бізді үтіктеп келді. Көнбейтін, қыр көрсеткендерді басып. Үтік басу бір адамды жазалау, азаптау емес. Ол бәрімізге батқан, бәріміз сезінген жан жарасы. Киімімдегі үтік ізі жай із емес. Бұл арқылы азаптауға қарсылығымды білдіремін. Азаптаушылар жазаланбайынша өзімнің де өзгенің де есіне сала бермек.
#АзаптауғаҚарсымын» - деп жазды Белла Орынбетова.