Сапар барысында Н.Назарбаев Сауд Арабиясының королі Фахд мырзамен және басқа да ел басшыларымен кездеседі деп күтілуде.
Сауд Арабиясының "Әл-Жәзира" газетіне сілтеме жасай отырып Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, екі мемлекет басшысы өзара ынтымақтастықты дамыту, таяу шығыстағы ахуал, сондай-ақ, басқа да халықаралық өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасады.
Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихында Елбасының аталмыш мемлекетке жасаған екінші ресми сапары болмақ. Н.Назарбаев алғаш рет Сауд Арабиясына 1994-жылы ат басын тіреді.