"Бұл - Қазақстанға тағы да 30-40 мың адам оралады деген сөз",- деп атап өткен Елбасы осы орайда өткен жылғы квота 5 мың отбасын құрағанын айтты.
Н.Назарбаевтың пайымдауынша, елімізге көшіп келушілер қатары жылдан-жылға артуы тиіс. Сонымен бірге мемлекет басшысы елімізге оралатын қандас-отандастарымыздың саны артатындықтан азаматтық туралы және көші-қон туралы заңнамаларға айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті.