Елбасы 2006-жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын сатылы түрде арттыра бастау қажет деп пайымдайды

"Білім мен кәсіби деңгейдің сапалық өсімін қамтамасыз ету - Қазақстан-2030 стратегиясын жүзеге асырудың басты алғышарттарының бірі",- деді Елбасы.

Елбасының пайымдауынша, мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін олардың материалдық деңгейін көтеру қажет. Атап айтсақ, мемлекет басшысының бағамдауынша, "мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шарапаты бірінші кезекте мұғалімдерге тиюі тиіс".
"Мемлекет еліміз мектептерінің ең үздік оқушыларының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында білім алу төлемін өз мойнына алады",- деді Елбасы. "Бірақ еліміздегі жоғары оқу орындары да өз дипломдарын дүниежүзінде мойындату үшін әлемдік стандарттар деңгейінде білім беруі қажет",- деді Н.Назарбаев. Бүгінгі таңда еліміздегі барлық жоғары білім ошақтарында бірдей мұндай обьективті мүмкіндік жоқ, сол себепті, "әлемдік деңгейдегі элиталық университеттер тобын, тіпті үлкен болмаса да өзіміздің "Гравардтарымыз" бен "Оскфордтарымызды" құруымыз қажет",- деді Елбасы.
"Жоғары деңгейде дамыған елдерде төл жоғары оқу орындарын бітірген түлектер шетелдерде білім игергендерден әлдеқайда жоғары бағаланады",- деді ол. "Бұл біз үшін үлгі болуы тиіс",- деп пайымдайды Елбасы.
Елбасының пайымдауынша, "еліміздің жоғары оқу орындарына дүниежүзінің жетекші ғалымдарын жұмысқа кең көлемде шақыру қажет". "Елімізден дәл қаншама төл ғалымдарымыз түрлі уақыттарда шетердерге кетіп батыс пен Ресейде дәріс оқып жүргенін дөп басып айта алатын адам бар ма? Менің бағамдауымша, олар өз отанына қол ұшын беруге дайын және ол үшін біз барлық жағдайды жасайтын боламыз",- деді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге, Н.Назарбаевтың пікірінше, алдағы жылдары еліміздің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес гранттар мен несиелер санын жыл сайын арттыра түсу қажет.