Бұл туралы бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаһандық қауіпсіздіктің күрт әлсіреуі орын алды және бұл үдеріс әзірге өзінің түбіне жете қойған жоқ. Әлемдік ауқымда іркілту мен теңдестіру жүйесі жұмыс істемей тұр. Оның ішінде бұл мәселе БҰҰ-ның және қауіпсіздіктің өзге халықаралық құрылымдарына қатысты.
Президент БҰҰ-ның барлық мүшелерінің ұйымның шешімдерін қолдауы керектігін қадап айтты.
Мемлекет басшысы соңғы онжылдықтарда алдыңғы қатарлы мемлекеттер арасында қалыптасқан сенім жағдайы да жоғалып бара жатқандығына тоқталды.
«Өзара санкциялық сын әлемдік экономикадағы онсыз да күрделі ахуалды қиындатып отыр. Ол жақындағы жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеру перспективаларын алыстатуда», - деп түйіндеді Президент.