"Стратегиялық жоспар бойынша біз әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес ұйымдарға беру дұрыс деп санаймыз",- деді Елбасы. Н.Назарбаевтың пайымдауынша, үкіметтік емес ұйымдардың артықшылығы "олардың артықша мобильділігі мен жұмысының нақты бір бағыттылығында болмақ" .
Сондай-ақ, мемлекет басшысы "үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қоғамдық маңызды шешімдер қабылдауда сарапшылық жұмысқа кең көлемде тарту қажет " деген пікірде.
"Азаматтық қоғам институтының ықпалы жүрмейтін жерде сыбайлас жемқорлық және бюрократизм тәрізді құбылыстармен күрестің тиімділігі едәуір төмен болмақ",- деп мәлімдеді Елбасы.