Елбасы Алматы облысына жұмыс сапары аясында Наурызбай батыр ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

- Халқымыздың төл тарихы мен ғажайып тұлғаларын құрметтеп, ұлттың мәдени мұрасы мен рухани қазынасына қамқорлық жасау, тілі мен ділін көзіміздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу - абыройлы міндет. Жерімізді жаудан азат етуде өшпес ерлік көрсеткен осындай баһадүр бабаларымыздың есімдері ұлтына ұран болып, мәңгі жасай бергей! - деді Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіштің ашылу рәсімінде.

Қазақстандық мүсінші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Нұрлан Далбайдың жобасы бойынша жасалған бұл ескерткіш батыр баба Наурызбай Құтпанбетұлының 300-жылдығына орай орнатылып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті