И.Тасмағамбетов 1956-жылы туған. 1979-жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогика институтын орта мектептің география және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді, философия ғылымдарының кандидаты.
1993-жылдан 1995-жылдың наурыз айлары аралығында ҚР президентінің ұйымдастыру мәселелері жөніндегі көмекшісі, 1995-жылдың наурыз айы мен 1997-жылдың қазан айлары аралығында үкімет басшысының әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерін жауаптанған орынбасары болды. Бұдан кейін білім және ғылым министрі болды. 1997-жылдың қазан айы мен 1998-жылдың қыркүйек айларында президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды. 1998-жылдың қыркүйек айы мен 1999-жылдың ақпан айлары аралығында ҚР президентінің бірінші көмекшісі болды. 1999-жылдың ақпан айынан 2000-жылдың желтоқсан айына дейін Атырау облысының әкімі болды. 2000-жылдың желтоқсан - 2002-жылдың қаңтар айларында ҚР үкімет басшысының орынбасары, 2002-жылдың қаңтарынан 2003-жылдың маусым айына дейін республика үкімет басшысы, 2003-жылдың маусымынан 2004-жылдың наурыз айына дейін мемлекеттік хатшы, 2004-жылдың наурызынан бері ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі болды.