Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының сапары аясында 2-ақпанда "Қазақстан-Украина: бизнеске жаңаша мүмкіндіктер" атты бизнес-форум өткізіледі. Бас қосудың басты мақсаты - екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасында байланыс орнату арқылы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастқты күшейту.
Форумға Украина экономикасының түрлі салаларындағы (мұнай және газ, құрылыс, банктер, азық-түлік өнеркәсібі, туризм т.б) ірі және орта бизнес өкілдері қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті