Елбасы АҚШ президенті мен АҚШ халқына Р.Рейганның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Елбасы Н.Назарбаев бұл жеделхатта өз атынан және еліміз халқының атынан бұрынғы АҚШ президентінің туыс-туғандары мен бүкіл американ халқына ауыр қазаға байланысты көңіл айтқан.

94 жастағы Р.Рейган 6-маусым күні Калифорния штатындағы өз үйінде дүние салды. Р.Рейган саясатқа араласпас бұрын әртіс болған. Кейінірек Калифорния штатын басқарған ол 1981-1988-жылдар аралығында АҚШ президенті болды.