"Мен үшін сіздің елге келу үлкен мәртебе. Біз Қазақстанды үлкен қарқынмен ілгерілей бастаған аймақтағы аса маңызды мемлекет деп санаймыз",- деді Э.Газитуа президентпен кездесуден кейінгі брифингте.
"Қазақстан кейінгі уақытта біршама ілгерілеушіліктерге қол жеткізді. Сол себепті көптеген инвесторлар сіздердің мүмкіндіктеріңізді, ел туралы көбірек білгісі келеді. Біздің компания бұл процеске белсене атсалысуға пейіл. Біз капитал нарығын дамытуға түрткі болу және осында өз іс-қызметімізді дамыту үшін Қазақстан үкіметімен де, жеке меншік сектормен де етене жақын жұмыс істейтін боламыз",- деді ол.