Салтанатты рәсімде Елбасы "Қазақстанның көп векторлы транспорттық саясатты жүзеге асырып отырғанын" еске салып, "Астана" танкері осы орайда Әзербайжан, Ресей және Иран бағытында кәдеге асатынын айтты. "2010-жылы мұнай өндіру мөлшері 100 млн. тоннаға дейін жететіндігіне байланысты біз дедвейті 60 мың тоннаны құрайтын танкер салуды көздеп отырмыз",- деді президент.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, отандық жеке танкер флотын құру бағдарламасының аясында "Қазтеңізкөлікфлоты" мен Выборг кеме жасау зауыты арасындағы бас келісімге сәйкес Қазақстанның тапсырысы бойынша "Астана" танкері 2004-жылдың 11-желтоқсанында Выборгта өткеріп берілді. Дедвейті 12 мың тоннаны құрайтын, ұзындығы 49 метр, ені 17,3 метр, жылдамдығы 10 узел болатын танкердің жобасын Ресейдің "Вымпел" конструкторлық бюросы жасап шығарды. Танкер 2004-жылдың 5-тамызында суға жіберілді.