Елбасы Астанада Қазақстан мен Өзбекстан командалары арасындағы Дэвис Кубогының плей-офф матчын тамашалады

Осы күні ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теннисшілерімізге қолдау көрсету үшін «Дәулет» кешеніне арнайы келді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті бүгін шыққан санында «Сенім ақталды, жоспар орындалды» атты мақаласында жазды.

Бұл жарыста элиталық топта қалу үшін Өзбекстан құрамасымен кездесіп, қарсыластарынан 3:1 есебімен басым түскен отандастарымыз финалдық кезеңге жолдама алды. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы әлемдегі үздік 16 құрама сапына енді.

Сайыстың шымылдығын Евгений Королев пен Сергей Истомин өзара ашты. АТР рейтингісіндегі тізімге көз жүгіртсек, біздің Королев - 259, ал Истомин - 34-орынға жайғасқан. Дегенмен, рейтингтегі алшақтыққа қарамас­тан, кездесу өте тартысты өтті. Бі­рінші болып іске кіріскен өзбек теннисшісі жүрген жүрісінен жа­ңыл­­мады. Бұған дейін соңғы үш жыл­да Королевтен екі мәрте же­ңілген Истомин қатты ашынса керек, тіпті, алғашқы кезеңде қар­қыны өте күшті болып, қарсы­ла­сы­нан 6:3 есебімен басым түскен-ді.

Бірақ, Королев оңай шағылар жаң­­ғақ емес екенін байқатып, екінші кезеңде есепті теңестірді. Осы­лайша, 3 сағат 14 минутқа со­зылған бәсекеде 3:2 есебі тіркелді. Бұл жолы жеңіс біздің пайдамызда емес. Истомин бірінші, үшінші және бесінші кезеңде жеңіске же­тіп, Өзбекстан құрамасына ал­ғаш­қы ұпайды алып берді. Осы кездесуде Королев 64 рет қателікке бой алдырса, Истомин 55 мәрте керек емес әдістер жасады.

Жанкүйерлер көңілін күпті еткен бірінші кездесуден кейін, Қазақстан намысын қорғаған Михаил Кукушкинге Фаррух Дустов қарсы ойнады. Бірден айтайық, біздің теннисші 3:1 есебімен же­ңіске жетіп, бірінші күннің қоры­тындысы бойынша есепті теңес­тірді. Алайда, таблодағы көрсет­кішке қарап, жеңіс Кукушкинге оңай келді деп айтуға ауыз бармайды. Себебі, Дустов алғашқы екі сетте жеңілгеніне қарамастан, үшінші кезеңде айласын асырып кетті. Тіпті, төртінші айналымда да кездесуді тай-брейкке дейін жет­кіз­ді. Дегенмен, АТР рейтин­гі­сін­де 70-орынға жайғасқан Ку­куш­кин тізімде 308-орында жүр­ген Дус­товтан 6:2, 6:4, 3:6, 7:6 есе­бі­мен басым түсіп, 2 сағат 52 ми­нутқа созылған бәсекеге нүкте қойды. Осылайша, жарыстың ал­ғашқы күні жалпы есептегі таразы басы теңесті.

Жарыстың екінші күні жұп­та­сып өнер көрсетуде Андрей Голубев пен Юрий Щукин Денис Истомин мен Фаррух Дустовқа қар­сы кортқа шықты. Өз спортшыларын қолдауға, тіпті, велоспорттан Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров пен теннистен «Үлкен шлем» турни­рінің жұптасып өнер көрсетуден екі дүркін жеңімпазы Ярослава Шве­дова да келді. Жанкүйер­лер­дің үлкен қолдауына ие болған жер­лестеріміз бірден керемет ойын көрсете алған жоқ. Өйткені, бұл күні өзбекстандықтар ә де­геннен-ақ алғашқы екі кезеңді өз пайдасына шеше алды. Осылай жалғаса берер деп ойлаған болу керек, өзбек спортшылары сәл сыл­бырлық танытқан еді, тез есін жиып үлгерген Голубев/Щукин тан­демі қатарынан бес геймде жеңіске жетіп, жиналған жан­күйер­лердің қошеметіне бөленді. Ұзақ әрі ауыр болған бірінші айналымды біздің жігіттер 7:6 есебімен өз пайдаларына шешті.

Қазақстандықтардың өз жерін­дегі сенімділігі қарсылас­тарын есең­гіретіп тастаса керек, өзбек спортшылары екінші кезеңде тіп­тен өз деңгейінде өнер көрсете алмады. Өзбекстанның мақтанышы Денис Истомин кездесу барысында қаншалықты тырысып бақ­қа­ны­мен, көп жоспары орындалмады. Соның салдарынан 3:6 есе­бімен жеңілуге мәжбүр болды. Жарыстың екінші күні қарсы­лас­тарын 2:0 есебімен ұтып жатқан қазақстандықтар үшінші айналымда да аянып қалмады. Нәти­жесінде, 2 сағат 24 минутқа со­зылған текетіресте ирандық төре­ші Али Катеби 7:6, 6:3, 6:4 есе­бімен жерлестеріміздің же­ңіс­ке жет­кенін хабарлады.

Жарыстың үшінші күнінде бір­неше спортты жанына серік еткен ел Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың өзі теннис­шілері­мізге қолдау білдіруге «Дәулет» спорт кешеніне арнайы атбасын бұрды. Жауапкершілігі одан сайын арт­қан бұл кездесуде Михаил Кукушкин өзбек­стан­дық Денис Истоминге еш мүм­кіндік бермей, 3 сағат 4 ми­нутқа со­зыл­ған сайыс­та 6:4, 6:2, 6:7, 6:2 есе­бі­мен ұтып, Қазақ­станға жеңіс сыйлады.

Ал Евгений Королев пен Фаррух Дустов арасындағы бесінші кездесу соңғысының кортқа шы­ғу­дан бас тартуымен аяқталды. Себебі, жалпы есеп - 3:1, Қа­зақ­станның пайдасында еді. Осылайша, Қазақстан құрамасы өзінің әлем­дік элитадағы тоғызыншы орнын сақтап қалды. Ал 21-са­ты­ға жайғасқан Өзбекстан құрамасы мықтылар қатарына қосылу үшін осымен екінші рет өз мүмкіндігін уысынан шығарып алды. Ес­теріңіз­ге сала кетейік, өзбек ағай­ындар өткен жылы Сербия құра­масына жол берген болатын.

Жарысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан теннисшілеріне «Дәу­лет» спорт кешеніне жинал­ған жанкүйерлер орындарынан тұрып қошемет көрсетті. Иә, жігіттер қандай да марапатқа лайық болды. Өйткені, қазақ теннисшілері әлем­дегі өз орнын, яғни тоғы­зын­шы сатысын сақтап қалды. Енді құрама жігіттері келесі жылы ақпан айында басталатын кезекті Дэвис Кубогында өз қарсыласын күтетін болады.