Президенттің назарына "Хан-шатыры" сауда-ойын сауық орталығы, Астана-жабық қала" кешені, Бурабайда шаңғы спортын дамытуға бағытталған база ұсынылды.
"Кейінгі жылдары Астанада көптеген тамаша нысандар салынды. Бұл жалғасын таба береді. Мен біздің жаңа астана жаңа жобамен салынсын деген мақсат қойып отырмын. Әр нысан қайталанбайтын болуы керек",-деді Елбасы. "Астананың жауһары - Бейбітшілік пен келісім сарайы деп саналады. Ол енді бізге дос долып кеткен Норман Фостер сәулетшінің жобасы бойынша салынған. Сарай дүние жүзініе танымал",-деп атап өтті Н.Назарбаев.
"Тағы да бір теңдессіз нысан- сауда ойын сауыл кешені, ол "Хан шатыры" деп аталды. Бұл жобада адамның тіршілігіне қажеттің бәрі бар. Ал "Батығай" деп аталған "Астана-жабық қала" жобасы таңдай қақтырады. Ол біздің көнедегі астанамыздың атымен аталды. Бұл зәулім үйлердің тұрғындарына жабық қалада қызмет көрсетілмекші",-дейді президент. "Бүгін таныстырылған Бурабайдың спортты- туристік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаның маңызы көп. Бүгінгі жаңалықтар тек Астана ғана емес, сондай-ақ, бүкіл республикаға маңызды шара өтті деп білемін,-деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті