Елбасы Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталығын аралады

"Орталықтың жұмысымен танысқан президент "бір терезе" принципі бойынша халыққа қызмет көрсететін осындай орталықтарды таяу уақыттарда Астанада, Алматыда, облыс және аудан орталықтарында тағы да ашуға тапсырма берді",- деді журналистерге арнап өткізілген брифингте ҚР әділет министрі Зағипа Балиева.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың қараша айында Алматыда 2, Астанада 2 осындай орталық ашылған болатын. Орталықтарда азаматтардың жеке куәліктері, некеге тұру жөніндегі актілер, салық төлеушінің тіркелу куәлігі, жер иемденуге құқық беретін құжаттар, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беріледі.