"Бүгін Елордасы үшін тағы бір қуанышты күн. Есілдің сол жағалауында қаланы көріктендіре түсетін бес жұлдызды мейманхана кешені ашылды",- деді Н.Назарбаев. "Бұл - осы өңірдегі таңдаулы қонақ үй. Бұл Астана тұрғындары үшін тағы бір қуанышты күнге айналса, қала қонақтары үшін есте қаларлық оқиға болады деп сенемін",- деді мемлекет басшысы.
Мейманхана кешенінің жобасын Түркияның "Lineh Ekorasyon" компаниясы жасаса, бас мердігер тағы осы елдің "Сембол иншаат" компаниясы болып табылады. 168 бөлмесі бар бұл мейманханада би залы, мәжіліс залы мен екі мейрамханасы бар. Мемлекет басшысының айтуынша, "қонақ үй құрылысы тікелей инвестицияның көмегімен салынды".