Елбасы Астанадағы жаңа құрылыс жобаларымен танысты

Астана қаласының бас сәулетшісі Шоқан Матайбековтың мәлім еткеніндей, Елбасының назарына 28-ге тарта әр түрлі ғимараттардың жобалары ұсынылды. Қаланың бас жоспарын саралаған мемлекет басшысы әзірше шартты түрде "Темірқазық" аталған ең биік ғимараттың, ірі әкімшілік және тұрғын үй кешендерінің жобаларын талқылады.

Бас сәулетшінің айтуынша, президент назарға ұсынылған жобалардың барлығын жалпы алғанда мақұлдап, оларға қатысты өзінің ұсыныстары мен ескертпелерін де жасады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті