Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды


Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды", - деп жазды Берік Уәли.