Елбасы бейнеленген банкнот бүгін айналымға шығады


Қазақстан картасының бейнесі көлбеу бұрышын өзгерткен кезде түсін өзгертетін қорғаныш элементін білдіреді. Картаның бетінде “МӘҢГІЛІК ЕЛ” деген жазба бар. Сонымен қатар Іле Алатауындағы тау тізбегі бейнеленген. Сол жағында ортасында номиналдың цифрлық бейнеленуі басылған. Жоғарғы оң жақ бұрышында шығарушы банк – “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ”, сондай-ақ қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін “Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады” деген жазба бар.   Банкноттың бет жағы Банкноттың сырт жағында негізгі бейне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреті болып табылады. Портрет қағаздың бетінде бедерлікті қамтамасыз ететін және ұстаған кезде сезілетін интаглио (терең басу) әдісімен орындалған. Әлемдік практикада бұл әдіс банкноттардағы портреттерді орындаған кезде дәстүрлі әдіс болып табылады. Артқы көріністе Қазақстан картасы бейнесінің аясында «Бәйтерек» монументін қоса алғанда, Астана қаласындағы бірнеше ғимарат бейнеленген. Қызғылт сары қорғаныш үзік-үзік жіп банкноттың көлбеу бұрышына орай түсін өзгертеді. “Подделка банкнот преследуется по закону”» деген жазба банкноттың сол жақтағы төмен бұрышында орналасқан. Басқа ақша белгілерімен қатар, бұл банкнот айналысқа шығарылған сәттен бастап заңды төлем құралы болып табылады, сондай-ақ барлық төлемдер мен ақша аударымдарында қабылдануға міндетті. Таралымы – 100 000 дана.