Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетовтің өмірден өтуіне байланысты туған-туыстарына көңіл айтты

Ол бірқатар жоғары лауазымдарда абыройлы жұмыс атқарып, туризм және спорт, заң шығару салаларының дамуына, елордамыздың көркеюіне бар қажыр-қайратын жұмсады. Кейіннен кәсіпкерлікпен айналысып, ауыл шаруашылығының өркендеуіне атсалысты.

Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады. 


Білікті басшы, пайым-парасаты биік азамат ретінде әрдайым еселі еңбек етіп, көпшіліктің ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді», – делінген Елбасының жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев Темірхан Мыңайдарұлының жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.