Елбасы билікті қайта бөлу туралы заңға қол қойды

Заң Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық белгіленген жекелеген өкілеттіктерін мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлуге бағытталған. 

Конституциялық заңға енгізілетін аталған түзетулер "Президент туралы", "Үкімет туралы", "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.