"Мен кеше білім беру саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіттім. Бағдарлама тәртіптерін халық кеңінен талқыланғаны белгілі",- деді Н.Назарбаев.
Елбасы соңғы жылдарда білім беру саласын бюджеттен қаржыландыру көлемі арта түскенін атап өтті. "Биылғы жылы бұл салаға бюджеттен 192 млрд. теңге бөлінсе, 2005-жылы 250 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр",- деді ол. Елбасы соңғы 3 жылда мұғалімдердің жалақысы 70 процентке, кәсіптік-техникалық білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 90 процентке өскенін атап өтті. "Біз ұстаздардың жалақысын бұдан да арттыра түспек ниеттеміз",- деді мемлекет басшысы.