Елбасы бірқатар кездесулер өткізді

Атап айтсақ, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы, Демократиялық реформаларды әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Жармахан Тұяқбайды оның өтініші бойынша қабылдады.

Кездесу барысында Демократиялық реформаларды әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына байланысты мәселелер талқыланды.

- Бүгінгі кездесуде елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуал мәселелері талқыланды, - деді Ж.Тұяқбай журналистерге арналған брифингте.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ бүгін "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағы басқармасының төрағасы Серік Ахметовті қабылдады.

С.Ахметов Одақтың жұмыс қорытындылары, алдағы кезеңде атқаратын перспективалық жоспарлары мен жобалары туралы баяндап берді.

- Мемлекет басшысы біздің жоспарларымызға қолдау білдірді және нақты тапсырмалар жүктеді. Алға қойылған міндеттер "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағының күн тәртібіндегі басымдыққа ие мәселелер болмақ, - деді С.Ахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті