Тасмағамбетовтың айтуынша, "ахуалдың осылайша өрбігеніне" президент өкініш білдірді.
Өз тарапынан елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды "өте жақсы" деп бағалаған үкімет басшысы "өздері тындырған істер үшін ұялуға негіз жоқ " деп мәлімдеді.
Өз болашағы туралы сөз қозғаған И.Тасмағамбетов біраз уақыт демалып, отбасымен бірге болатынын жеткізді. Осы орайда ол өзінің "президент командасындағы адам екенін, әрі бұдан ешқашан бас тартпайтынын, президенттің кез-келген ұсынысын ризашылықпн қабыл алатынын" атап көрсетті.
Ал оның мәжіліс сайлауына қатысу мүмкіндігі туралы журналистер сауалына И.Тасмағамбетов : "жұмыссыз қалсам да мәжіліс сайлауына атымды ұсынбаймын " ,- деп жауап берді.
Оның айтуынша бүгін "Елбасы Жер Кодексіне қатысты парламент палаталарының депутаттарымен жабық жағдайда кездесу өткізуде".
Үкімет басшысы "қазіргі таңда министрлер кабинеті өз міндетін атқаруды одан әрі жалғастыруда" ,- деп хабарлады.