Елбасы биылғы қыста қардың көп жаууына байланысты көктемгі су тасқынына қазірден бастап дайындалуды тапсырды



«Президент биылғы қыста қардың мол түсуіне байланысты көктемгі тасқынға ертерек қамданып, ауыр табиғи апаттарды болдырмас үшін барлық дамбалар мен су бөгеттерін тексеріп шығу қажеттігін атап өтті», - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.