Елбасы Бразилия президентіне ұшақ апатына байланысты көңіл айтты


Жеделхатта Колумбия Республикасының әуе кеңістігінде болған ұшақ апаты салдарынан Бразилия азаматтарының қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», - делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.