"Даниал Ахметов - білікті өндіріс маманы, ол табысты еңбегімен көзге түсіп жүр, оның барлық әрекеттері мемлекетіміздің игілігіне арналған",- деді үкімет басшысына берген мінездемесінде Елбасы. "Үкіметтің алдына қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін оған әлі де көп күш-жігер мен денсаулық қажет",- деді мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев Д.Ахметовқа зор денсаулық, бастамаларына толайым табыс тіледі.