Елбасы демалысын аяқтап қызметке кірісті

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, тамыздың 1 мен 2-жұлдызында Н.Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапармен барып, онда Қарашығанақ газконденсаты кенішін аралайды. Сондай-ақ, сапар барысында Елбасы ауыл тұрғындарымен және Батыс Қазақстан облыстық агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізеді деп межеленген.