Бір-бірін 2 ай бойы көрмеген халық қалаулылары үшін бүгін ерекше күн. Амандасып, кеудесіндегі төс белгілерін қайта тағып, дұрыстап жатыр. Сенат депутаттығына жақында ғана сайланған Нұрлан Оразалин де еліміздің бас банкирінің құттықтауын алып үлгерді. Ал жаңа сессияның алғашқы отырысы Елбасының қатысуымен басталды.
Жалпы, өткен 2-ші сессия қос палатаның депутаттары үшін оңайға соққан жоқ. Үкімет Парламентке 100-ге жуық заң жобасын әкелген. Оның біразы көпшіліктің сынына да ұшырады. Соңында қабылданды. Бірақ, елбасы мұның бәрін жақсы жұмыстың нәтижесі деп бағалады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Екінші сессия барысында жүзге жуық заң жобасы қабылданды, Қазақстанның экономикалық негізі жақсарды, салық жүйесі жетілдірілді, шағын және орта бизнеске құқықтық кепілдік беру кеңейтілді, зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі, білім жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету туралы және басқа да әлеуметтік маңызды заңдар қабылданды.
Биылғы 3-ші сессия да халық қалаулыларына жеңіл болмайтын түрі бар. Қысқа уақыт ішінде бірнеше жаңа заң жобасын қараулары тиіс. Мысалы, «Экспо-2017»-ге арналған құжат шұғыл түрде қаралып, қарашада қабылданбақшы. Бұрын-соңды елімізде болмаған «Кәсіпкерлік кодексін» де Үкімет депутаттардың алдына көтеріп келеді. Ал, «жер қойнауын пайдалануға» қатысты заң жобасы да шұғыл түрде өзгеріске ұшырайды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Когда-то кто-то месторождение получил - и до сих пор сидит, сам ничего не делает, не вкладывает и другим не дает. Надо продолжать разбираться с этим делом, и кто не вкладывает средств, не развивает, возвращено будет государству и предоставлено другим инвесторам
Сондай-ақ өткен аптада тағайындалған Сенаттың жаңа депутаттары Елбасының алдында ант берді. Ал аймақтардан енді оралған өзге әріптестері бұл парламенттің ғұмыры ұзақ боларына сенімді екенін айтады.
Камал Бұрханов, Мәжіліс депутаты:
- Обычно в начале сессии аквтивно ходят слухи роспуск парламента? Каждый год мы обсуждаем этот вопрос...Тем более это Бахыт Жуматова предсказала...Незнаю..незнаю..я по крайней мере Бахыт Жуматову не слушал..Сам я о таких вещей не слышал. Потому что, все лето сам я был очень-очень занят...
Қалай дегенмен, депутаттар үшін бұл сессияның қызығы да, шыжығы да көп болмақшы. Елбасы алғашқы күннен-ақ жұмыс істеудің жаңа 5 бағытын айқындап берді. Тек халық қалаулылары мен үкімет мүшелері бұл заңдарды халық игілігі үшін қабылдаса болғаны.