Елбасы Эквадор Президентіне көңіл айтты


Жеделхатта Қазақстан Президентінің Эквадорда жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Корреа мен бүкіл Эквадор халқына көңіл айтты.