Елбасы Екібастұзда жас музыканттардың шығармашылығымен танысты

Естеріңізге сала кетейік, Президенттің Павлодар облысына жұмыс сапары жалғасуда.

«Қазақстан Президентіне мұнда музыкалық кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үдерістері туралы баяндалды.Мемлекет басшысы жас музыканттардың шығармашылығымен танысып, музыкалық аудиториялар мен залдарды аралап көрді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 680 бала оқитын М.Глинка атындағы балалардың музыкалық мектебі қосымша білім саласында 13 мамандық бойынша қызмет ұсынады. Сондай-ақ онда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивтік білім беру саласындағы әлеуметтік және білім жобалары жүзеге асырылады.