Елбасы елімізде жеке меншік сот үкімін орындатушылар институтын қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды

"Германия, Франция тәрізді бірқатар елдердің тәжірибесі бұл институт іс-қызметінің тиімділігін сенімді дәлелдейді",- деді мемлекет басшысы.

"Бұл тәжірибені зерттеу ләзім, егер ол қолдануға тұратын болып шыққан жағдайда оны тез арада енгізу қажет",- дейді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы "сот шешімдерін орындау - әділеттілік орнату тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді" деп атап өтті. Елбасының пікірінше, "сот қаулыларының орындалмауына басты себеп - қарыздар жақтың мүлкі мен ақшасының жоқтығынан гөрі , сот шешімдерін дер кезінде және толыққанды іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру деңгейінің төмендігінен болмақ". "Елімізде әрбір үшінші сот актісі орындалмай қалады",- деді ол.
"Сот шешімдерінің орындалмауы - әсіресе кәсіпкерлік іс-қызмет саласындағы дауларға қатысты негізді арыз - шағымдардың молаюына түрткі болып отыр", деді. "Қолда бар мүмкіндікті сарқа пайдаланып, ондай жағдайды жою қажет",- деді ол.
Н.Назарбаевтың хабарлауынша, "қазір бұл мәселеге қатысты "Сот үкімін орындату туралы" және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары әзірленуде". "Бұл заңдарды қабылдау қажет. Сонда ғана сот қаулыларын орындау жұмыстарының деңгейін көтеруге мүмкіндік туады",- деді мемлекет басшысы.