Елбасы еліміздің ең танымал қыз-келіншектерімен кездесті

Ақордадағы сымдай тартылған күзет жігіттері ең сұлу, ең әдемі аруларды күтіп алуға дайындалып жүр. Ал, әдетте шенеуніктер ғана жиі келетін зәулім сарайдың әр бұрышына қызыл-сары гүл қойылған. Өйткені, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында нәзік жандыларды Ақордаға арнайы шақырған.

Елбасының мұндай мақтауынан кейін, оның үстіне Президентпен алғашқы кездесу болғандықтан қыз-келіншектердің шетінен есі шығып, тіпті сұлулар сөзден сүрініп жатты.

Мереке Ақсиева, көп балалы ана:

- Әр... Мә, ұмытып қалдым ғой, ұят-ай.

- Саспа, саспа.7 баланы дүниеге әкелгенде қорықпайсың,қазір неге қорқасың.

-Толқып отырмын. Сізбен жүздесуден қобалжып жүрмін кешелі бері.

- Әр баланы дүниеге әкелгеннің өзі батырлық қой.

- Рахмет.

Батыр ананың Ақордадағы бақытты сәттері мұнымен шектелмеді. Артынша Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен мойнына «Алтын алқа» тағып берді. Жалпы, соңғы кезде елімізде алтынқұрсақты аналар артып келеді екен. Мәселен, былтырдың өзінде бір қаланың тұрғыны дүниеге келді, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Жыл сайын бізде тұтастай бір қала халқының тұрғындары өмірге келіп жатыр деген сөз. Ал күн сайын мың сәби Қазақстанда дүниеге келеді. Міне, біз сіздермен кездесіп отырған қырық минут ішінде төрт бала елімізде дүниеге есігін ашты деген сөз. Бұл - Қазақстанның болашағы. Сондықтан бүкіл мемлекеттік саясаттың өзегі, атқарып жатқанымыздың барлығы әйелдер үшін, Сіздер үшін!

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігі де күн санап артып келеді. Денсаулық сақтау, білім беру саласы мен бизнесте жүрген басшылардың тең жартысы нәзік жандылар. Елбасына хат жолдап, қолдау білдірушілердің де басым бөлігі осы әйелдер екен. Мұндай кездесудің сәті күнде түсе бермейді деген Нұрсұлтан Назарбаев қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан кезектен тыс президент сайлауы жайында сөз қозғап, қыз-келіншектерден кеңес сұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мои личные планы были совсем другими, честно говоря. Я уже немало лет руководил Казахстаном, стою у истоков независимости. Может быть, пора менять декорации, как в театре говорят. Я так подумываю. Когда ушел отец основатель Сингапура, красивого государства, Ли Куан Ю, я его хорошо знаю, я говорю: "Почему вы ушли? Он говорит: "31 год руководил, и когда смотрел в последние годы себя по телевизору, сам себе не нравился. Поэтому". Я говорю: "Телевизор искажает! Ну зачем на телевизор смотреть!

Бірақ, Елбасы саяси, экономикалық мәселелер төңірегіндегі әңгімесін ұзақ созбады. Мереке қарсаңындағы кездесу болғандықтан қонақтармен қосылып ән салды, би биледі.

Екі сағаттарын Елбасымен өткізген нәзік жандылардың бақыттан басы айналып, тіпті құлап қала жаздады. Ал, Президент қыздарды құр қол жіберген жоқ. Құшақтары гүлге толып, бір-бір алқалы болып шығыпты. Арулардың өздері Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден алған әсерлерін сөзбен айтып жеткізе алмайтын жағдайда. Енді біріні шабыттанып шығыпты.

Жанар Дұғалова, әнші:

- Өте керемет әсер алдым. Мен ғана емес, қонақтардың барлығы шабыттанып шыққандай.

Елбасымен кездесуге келгендердің арасында Мемлекеттік хатшы, министрлер, әскери қызметкерлер, әншілер мен спортшылар да бар. Олардың барлығы отбасы мен қызметті қатар алып, еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген жандар. Сондықтан, Президент осы кездесуде әлемдегі болып жатқан қанды қырғынды да мысалға келтіре отырып, елдегі ішкі тыныштықты сақтауға шақырды.

Loading...