Елбасы Франция президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады

"2004-жылғы 3-қаңтар, сенбіде чартерлік рейс жасайтын ұшақтың Қызыл теңізге құлауы салдарынан 133 француз азаматының өмірі қиылғандығы жайлы қаралы хабарды естідім. Қазақстан халқының және өзімнің атымнан сізге және қаза болғандардың жақындары мен туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамын,- делінген жеделхатта.