Елбасы Иран президентімен телефон арқылы әңгімеде екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, әңгіме барысында тараптар екі ел арасында Каспий теңізіндегі ынтымақтастықты нығайту, "Солтүстік-оңтүстік" тасымал дәлізін пайдалану қажеттігі тұрғысында ортақ позиция білдіріп, Каспийді қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшыларының бас қосуын қайтадан жандандыру туралы пікір білдірді.

Сондай-ақ, әңгіме барысында екі президент аймақтағы саяси ахуалға, соның ішінде жаппай қырып-жоюға бағытталған қаруларды таратпау, лаңкестікпен күрес мәселелеріне де тоқталды. Екі мемлекет басшысы сондай-ақ, өз елдеріндегі саяси және экономикалық ахуал туралы ақпаратпен бөлісті. Н.Назарбаев қазіргі таңда Иран төңірегінде қалыптаса бастаған күрделі ахуал бейбіт жолмен шешіледі дегенге сенім білдірді. М.Хатами Қазақстан Елбасын ресми сапармен Иранға келіп қайтуға шақырды.