Елбасы «Ислам мемлекеті» содырларының әрекетін сынға алды

Бұл туралы бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Әлемде әскери және ішкі қақтығыстар күрт артып отыр. Украинаның шығысындағы соғыс еуропалық жаһандық қауіпсіздіктің деңгейін айтарлықтай төмендетуде. Батыс Африкадан Ауғанстанға дейінгі аралық қарулы қарсыластықпен басып алынған», - деп атап өтті Президент.

Елбасы «Ислам мемлекеті» жаһандық желімен жасақ жинау арқылы өзінің қатарына әлемнің түрлі елдерінен жастар тартып отырғандығын, оның құрамындағы содырлар жантүршігерлік жаппай өлім жазасын орындап жатқандығын сынға алды.


«Менің ойымша, біз баршамыз бірігіп, осындай қадамға және дінді жамылып мұнай зұлымдықтарды жасауға қарсы ортақ пікірді айтуымыз керек. Олар Ирак пен Сириядағы көп ғасырлық мәдени мұраны қасақана бұзып жатыр. Осы әрекеттердің барлығы адамгершілікке қарсы актілер», - деді Н.Назарбаев.