Елбасы келесі жылдан бастап ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау туралы жалыққа қол қойды

Құжатқа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына 2005-жылдың тамыз айынан бастап ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері сайлауының мерзімін белгілеп, ұйымдастырып , оны сатылы түрде 2007-жылға дейін өткізу туралы тапсырма жүктелген. Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясы облыс әкімдерімен бірлесе отырып сайлау өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізімі мен санын анықтауы тиіс.

Үкімет пен облыс әкімдеріне әкімдер сайлауын ұйымдастыруға, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыда қамтамасыз етуге шаралар қолдану тапсырылды.
Сонымен бірге мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір аудандарының әкімдерін тәжірибе түрінде сайлау шарасын өткізу туралы" жарлыққа қол қойды. Осындай тәжірибелік сайлаулар кейбір аудандарда, Астана және Алматы қалаларында да 2005-жылдың тамыз айында өткізіледі. Дауыс беру жүзеге асырылатын аудандардың тізімін Орталық сайлау комиссиясы, облыс әкімдері мен Астана және Алматы қаласының әкімдері айқындайды.
Елбасы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет бөлісу және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру процесстерін аяқтауды қарастыратын заң жобаларын жасап, алдағы жылдың бірінші тоқсанында парламентке енгізуді қамтамасыз ету туралы тапсырма берді.