Елбасы халықаралық стандарттарға тездетіп көшу қажет деп санайды

"Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың екінші кезеңінде техникалық реттеу саласы бойынша Еуропаның қауіпсіздік нормаларымен үйлестірілген 10 заңнамалық актінің жобасын жасау керек",- деп мәлімдеді Н.Назарбаев. "Бұл қолданыстағы 30-дан астам заңға өзгерістер енгізуді талап етеді",- деді ол.

"Халықаралық стандарттарға тездетіп көшу ел экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыруға септігін тигізеді",- деді Н.Назарбаев.