Елбасы К.Мәсімовті ҚР Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

***

«К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                         Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы  2  сәуір