Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Н.Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жасайтын сапары 12-13-тамызға белгіленген. 12-тамызда мемлекет басшысы Семейде болып, сондағы қалалық аквасаябақтың ашылуына қатысады. Бұдан соң Елбасы "Семей су" АҚ-ның бөтелке өндірісінің жұмыс барысымен танысады.
Ал Өскемен қаласында Н.Назарбаев Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорын басшыларымен кеңес өткізіп, Daniel супермаркетін аралайды. 13-тамыз күні таңертеңгісін президент Үлбі өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің ашылу салтанатына қатысып, сүт және тәтті өнімдерін өндірумен айналысатын "Емел" ЖШС-ін аралайды деп күтілуде.