"Елбасы академиясы" КҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова бағдарламаны іске асыру және "Елбасы медалі”бағдарламасының қола, күміс және алтын деңгейіне қатысушылардың нәтижелері туралы айтып берді: "Комиссия отырысында жобаны аяқтаған және "Елбасы медалі" бағдарламасының барлық талаптарына сәйкес келетін 793 қатысушыдан тұратын тізімді ұсынамыз: 738 қола, 48 күміс және 7 алтын деңгей. Сондай-ақ, 77 қатысушы бағдарламаны аяқтап, "Елбасы медалі" бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификат алады”.
Қазіргі уақытта "Елбасы медалі" бағдарламасына 7000-нан астам адам қатысуда. Оның ішінде 83% - мектеп оқушылары, 11% - студенттер, 6% - жұмыс істейтін жастар, 0,4% - NEET жастары. Қатысушылардың 24% - ауыл тұрғындары.
Тағы 7000-ға жуық қатысушы бағдарламаға қатысу үшін өз кезегін күтуде.
2019 жылдан бастап "Елбасы медалі" бағдарламасында 6980 адам медаль алды. Оның ішінде 6 874 қатысушы Елбасы медалінің қола медалімен, 96 қатысушы күміс медальмен, 10 қатысушы алтын медальмен марапатталды. Мемлекеттік білім гранттары 605 Елбасы медалінің иегерлеріне берілді, олардың 30% - дан астамы - ауыл мектебінің түлектері.
Естеріңізге сала кетейік, жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Еl Úmiti" бастамасы аясында жас таланттар мен ел көшбасшыларын қолдау және дамыту бағытында жүзеге асырылуда. Бұл - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.