"Елбасы медалі" жастар челленджіне қатысушылар халықаралық жүгіруді ұйымдастыруға қатысты

Құланиектеніп таң атып келеді. Айнадай жарқыраған көл беті. Аспанмен таласқан таулар мен қалың орман. Көз тоятын табиғаты бар мұндай жерлерде жүзу, жүгіру, салауатты өмір салтын ұстану бір ғанибет. 

«Барлығы тек достардан жиналған арамыздағы чаттан басталды», – дейді Pikeman халықаралық жүгіру жарысы мен Aqbura bay trail-2 жүзу жарысының  ұйымдастырушысы Павел Тенцер. – Айта кетерлігі, бұл идея спортшылардың екі компаниясына бір уақытта қатар келген. Біз Бурабайға жүгіруге жиналдық, ал достар жүзуге келген. Бұл өте қызықты кездесу болды, нәтижесі жаман емес».

Ғажайып табиғат аясында жүзу мен жүгіру әрқашан жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан басқа елдерден келген адамдар да спорт әуесқойларының шағын тобына қосыла бастады. Биыл Pikeman және Aqbura bay trail-2-ге жақын және алыс шетелден 850 қатысушы жиналды.

200 спортшы қатысқан Рikeman жүзу жарысы қазақстандық ұйымдастырушылар жүзеге асырған идея. Іс-шара Үлкен Шабақты көлінде өтті. Жаңадан бастаушылар мен балалар үшін – қашықтық бір шақырым болса, тәжірибелі спортшылар үшін ашық судағы жарыс жолы  3800 метрге созылды.

«Бұл – спорт  фестивалі. Яғни, бір жағынан курорттық жерде демалып, көңіл көтеру, екінші жағынан төзімділік пен күшіңді сынау. Қатысушылар әртүрлі саладағы адамдар: шенеуніктер, блогерлер, спортшылар, бизнесмендер. Барлығы да салауатты өмір салтын ұстанатын жандар. Бізді «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры, «Бурабай» ұлттық паркі, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы қолдады», – дейді Павел.


«Іс-шара Академия жобаларына қатысушылар үшін де өз күштерін сынауға тамаша мүмкіндік береді. Біз бұл жарысты қолдадық, өйткені белсенді және салауатты өмір салтын таңдаған азаматтар жаңа Қазақстанның басты құндылықтары мен құрылысшыларына айналатынына сенімдіміз. Жүгіру мәдениетін дамыту және қолдау қажет, Жас ерекшелігіне қарамастан бос уақытты өткізудің және жақсы дене бітімін сақтаудың тамаша тәсілі», - деді «Елбасы Академиясы» КҚ директоры Асланбек Амрин.

650 адам қатысуға ниет білдірген Aqbura Bay Trail-2 жарысы ойлы-қырлы жерлермен өтетін халықаралық жүгіру қауымдастығының тізіміне кіреді. 12 және 35 километрге созылатын жарыс жолы Бурабайдың көрікті жерлерінде өтті.  Жарысқа Испания, Канада, АҚШ, Чехия, ОАР, Беларусь, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Моңғолиядан, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстарынан спортшылар тіркелді.

“Еріктілер - жақсылықтың жаршысы. Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің арқасында жүгіру спортының жаңа деңгейге көтерілетініне сенімім мол”, - деді спортшы  Ғани Сұлтанов.