"Елбасы медалі" жобасының алғашқы қола медаль иегерлері анықталды

Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, 2020 жылы 1 000 қатысушыны Елбасының қола медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Елбасының 2020 жылғы қола медаль иегерлерінің тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.

Жалпы, "Елбасы медалі" бағдарламасы 2020 жылы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды.