Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ан-Нәбауи мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.
Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр Рияд қаласына келді.
Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғаларымен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізу қарастырылған.