Елбасы мемлекеттік қайраткерлер мен алғашқы тың игерушілерді "Тыңға 50 жыл" медалімен марапаттады

Марапаттау рәсімі президенттің Астанадағы сарайында өтті. Марапатталғандар арасында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов, мемлекеттік хатшы Иманғали Тасмағамбетов, мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай, президент әкімшілігінің жетекшісі Нұртай Әбіқаев, сенат жетекшісі Оралбай Абдікәрімов, ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов пен бір топ алғашқы тың игерушілер бар.

Тың медалімен ұзын саны 22 адам марапатталды.