Елбасы мен мәжіліс депутаты М.Көпейдің кездесуінде Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында "Ардагерлер туралы" заң жобасын қарау мүмкіндіктері талқыланды

Мәжіліс депутаты Елбасына парламенттің төменгі палатасының ағымдағы заң жобаларын талқылау барысы туралы әңгімелеп берді. Кездесу барысында сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында "Ардагерлер туралы" заң жобасын қарау мүмкіндіктері талқыланды.

Елбасы сондай-ақ, мәжіліс депутаты Серік Әбдірахмановты қабылдады. Тараптар ауылдағы ахуал туралы және ағымдағы қоғамдық-саяси проблемалар туралы сарапқа салды.