Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
"ҚР Тұңғыш президенті - Елбасының төрағалығымен Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің Бюро отырысы басталды. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселе, соның ішінде жаңа сайлау заңнамасына сәйкес сайлау кезеңіне дайындық жұмыстары бар", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.