Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы әскери-техникалық және саяси әріптестік, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті дамыту, халықаралық қаруды таратпау және қарусыздандыру режимін нығайту мәселелері талқыланды. Келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан президенті мен ұйымның бас хатшысы Солтүстік Атлантикалық альянстың бас пәтерінде Семей ядролық полигонының жабылуының 15-жылдығына арналған фото-көрменің ашылу рәсіміне қатысты.
- Бұл бірегей көрме. Көптеген жылдар бойы Семей Кеңес Одағындағы ең негізгі ядролық сынақ алаңы болып келді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аса ауыр мұраны иеленді, алайда Семей полигонын жабу туралы шешім қабылдады. Бұл өте маңызды жетістік және біз осындай шешім қабылдағаны үшін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақ елінің басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан Орталық Азиядағы Солтүстік Атлантикалық альянстың негізгі әріптесі болып табылады. Президент мырза, Сіздің Ауғанстандағы Солтүстік Атлантикалық альянсқа көрсеткен қолдауыңыз, сондай-ақ қауіпсіздікті нығайту саясатындағы ұстанымыңыз үшін алғысымды білдіремін, - деп атап өтті Солтүстік Атлантикалық альянстың басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті