Елбасы Минск қаласында өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында көші-қон, көлік және коммуникациялар мәселесін талқылауға ұсынбақшы

"Қазан айында өтетін ТМД саммитінің отырысы күн тәртібіне мен көші-қон, көлік және коммуниациялар мәселесін енгізбекшімін",- деді Н.Назарбаев.

"Біз осынау ғаламдық проблеманы шешіп, ортақы экономикалық кеңістікке қарай жылжи түсуге тиіспіз. ТМД-ның қазіргі төрағасы ретінде мен Достастықтың жұмыс тиімділігін арттыруға барынша талпынатын боламын",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-қазанда Минск қаласында ТМД-ның 15-ші мерейтойлық саммиті өтеді. Саммитте жоғары деңгейде қабылданған шешімдерді орындау, барлық ТМД елдері үшін уағдаластықтарды жүзеге асыру мерзімін біріздендіру қажеттігі жөніндегі мәселелер талқыланбақшы. Достастықтың іс-қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстар дайындау мақсатында ТМД аясында әдейі құрылған "ақылмандар алқасы" мемлекет басшыларына ұйымды реформалау тетіктері туралы баяндамаларын таныстырады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті